Құрметті оқырмандар!

Павлодар облысы Қазақстанның индустриалды тірегі болып дәстүрлі есептеледі. Тарихи түрде, өнеркәсіп кәсіпорындары, атап айтқанда, аймақтың визиттік карточкасы болып саналады. Бұнда ТМД экономикалық  кеңістігінде   аймақтық- өндіріс кешенінің ең ірілерінің бірі  дәстүрлі күрделі өндірістері және кәсіпорындары оңтайлы үйлесімді қалыптасқан, олар минерал және көмірсутектерінің шикізатын игерумен айналысады.

Облыста электроэнергетика, металлургия, машинажасау және металөңдеу, химия және нефтехимия өнеркәсібі әжептәуір дамыған. Аймақтың өнеркәсіп әлуетін экспортқа бағдарлайтын ірі өнеркәсіп компаниялары айқындайды. Олар көмір, электро және жылуэнергиясын, глинозем, ферроқоспасын шығарады. Қазақстан өнеркәсіп өндірісінің шамамен 7%,  республикалық көмір шығару  шамамен 70%, республикалық ферроқоспасы шамамен 3/4, республикалық электрэнергия мен мұнайөнімдерін шығару  шамамен 40 % облыс үлесіне тиеді. Облыста химия, машинажасау және металөңдеу саласын дамыту үшін әлует жеткілікті.

Павлодар облысында әртүрлі нысандағы меншікте 5 мың кәсіпорындары белсенді жұмыс істейді. Аймақта шикізат базасы  және ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндіріс қуаты бар. Облыс энергетикасы Қазақстанның ірі кәсіпорындары – Екібастұз электростанциясымен, Ақсу ГРЭС-мен, сонымен қатар Павлодарда энергияны кең пайдаланатын өнеркәсіп кешендеріне қызмет көрсететін ірі жылустанцияларымен белгілі.

Біз, біздің интернет-ресурсымызды аймақтың өнеркәсіп әлуетінің инновациялық дамуы туралы керекті және маңызды ақпарат көзі деп қараймыз.

Құрметті оқырмандар, «Қазақстанның индустриалды жүрегі» жобасы, сіздерге Павлодар облысында өнеркәсіп саясаты қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы жан-жақты жедел ақпарат алуға көмектеседі .

Біздің сайтқа облыстық кітапхананың оқырмандары ғана емес және өнеркәсіпшілер, кәсіпкерлер,  қайта өңдеу өндірісі саласының мамандары, инновациялық және техникалық дамуға қызығушылық білдіретін адамдар  көңіл аударады деп сенім білдіреміз.

Яндекс.Метрика