Жоба туралы

«Павлодар – Қазақстанның индустриалды жүрегі» жобасы – бұл Павлодар қаласындағы С.Торайғыров атындағы облыстық біріктірілген әмбебап ғылыми кітапхана сайтында көрсетілген заманауи электронды ресурс. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалық-инновациялық  дамыту» тақырыбының өзекті екенін ескере отырып, біз мемлекеттік саясаттың басты бағыты бойынша, ұлттық жобалар, облыстық индустриалық  бағдарламасы туралы білімді әйгілендіруге бағытталған электрондық ресурсты дайындау туралы шешім қабылдадық. Жобаны жасау тұрақты толықтырылатын ақпараттық электронды ресурсқа ашық қолжетімділік арқылы ақпаратты берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Ақпарат «ҚР Президентінің Жолдауы», «Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін даму стратегиясы», «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам», «Жоба туралы», «Электронды каталог», «Жаңа әдебиеттер», «Мерзімді басылымдар беттерінде», «Павлодар облысы өнеркәсібінің даму тарихынан: сандық форматындағы кітаптар», «Кітапхана басылымдары», «Қазақстан Республикасының 2015-2019 жж. арналған үдемелі индустриалық-инновациялық  дамыту мемлекеттік бағдарламасы», «2020 - Өнімділік бағдарламасы», «Павлодар облысының даму стратегиясы», «Павлодар облысының индустриалдандыру картасы», «Облыстың кәсіпорын кешендерін құру тарихы», «Павлодар облысының өнеркәсібі» бөлімдерінде орналасқан.

Сайттан Павлодар облысының «ақылды» экономикасы және инновациялық дамуы, интеллектуалды ресурсы және ғылыми-техникалық қызметі туралы ақпарат алуға болады.

«ҚР Президентінің Жолдауы» бөлімінде ҚР Президентінің Жолдауының толық мәтіні берілген.

«Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейін даму стратегиясы» бөлімінде мемлекеттің әлемде ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты, экономикасы серпінді дамып жатқан елге айналуына  бағытталған «Қазақстан-2050» стратегиясымен танысуға болады.

«Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бөлімі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде 2012 ж. 10 шілдесінде жарияланған мақаласының толық мәтіні берілген.

«Жаңа әдебиеттер» бөлімінде «Жаңа кітаптар өндіріске көмекке» ақпараттық бюллетені орналасқан. 2011 ж. бастап шығады. Бюллетенге С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қорына түскен жаңа кітаптар енгізілді. Мәліметтер кітапханалық-библиографиялық жіктеуге сәйкес білім салалары бойынша орналастырылған. Шығаруға жауапты: С. Торайғыров атындағы ОӘҒК кітап өңдеу бөлімі. Шығарылым мерзімі: жылына 1 рет.

«Павлодар облысының индустриалды-инновациялық дамуы: мерзімді басылым беттерінде» бөлімі. Бөлімде - журналдардағы, республикалық, Павлодар облысының облыстық газеттердегі мақалалардың сандық форматтағы көшірмелері. Шығаруға жауапты: С. Торайғыров атындағы ОӘҒК ақпараттық-библиографиялық бөлімі.

«Павлодар облысы өнеркәсібінің даму тарихынан: сандық форматтағы кітаптар» бөлімінде Павлодар Ертіс Өңірінің индустриясына арналған облыстық кітапхана қорындағы кітаптар берілген.

«ҚР 2015-2019 жж. арналған үдемелі индустриалық-инновациялық  дамыту мемлекеттік бағдарламасы» бөлімінде жүктеп алуға болатын бағдарламаның толық мәтіні берілген.

«2020 - Өнімділік» Бағдарламасы» бөлімі оқырмандарды экономика секторларындағы басым өнеркәсіп кәсіпорындары алдына қойылған мақсаттарымен таныстырады.
«Павлодар облысының даму стратегиясы» бөлімінде «Павлодар облысы аумағының 2011-2015 жж. арналған даму бағдарламасы» көрсетілген, оның негізгі мақсаты облыстың басты экономикалық мәселелерін шешу, өнеркәсіпті, инфрақұрылымды, еңбек және интеллектуалдық әлуетті дамыту, өңірлік «өсу нүктелерін» анықтау және дамыту, тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету және  тұрмыс деңгейін көтеру. Бағдарламаның толық мәтінін жүктеп алуға болады.

«Павлодар облысының индустрияландыру картасы» бөлімі оқырмандарды облыста жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалармен таныстырады.

«Облыстың кәсіпорын кешендерін құру тарихы» бөлімін ашып, Павлодар облысы өнеркәсібінің тарихы бойынша расталған ақпаратты алуға болады.

«Павлодар облысының өнеркәсібі» бөлімі оқырмандарды электр энергиясы, глинозем, мұнайды қайта өңдеу өнімдері, машина жасау, құрылыс материалдарын шығаруға бағытталған көпсалалы өнеркәсіп кешендерімен таныстырады. Оған облыстың ірі кәсіпорындарының сайттарына сілтемелер бар «Кен өнеркәсібі», «Металлургия кешені», «Машинақұру саласы», «Энергетикалық кешен», «Құрылысиндустрия кәсіпорындары», «Химия өнеркәсібі», «Фармацевтика», «Жеңіл өнеркәсіп» бөлімшелері енді.

Жобаны дайындаған – Г. Е. Иванова, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің басшысы

Құрастырушылар: Г.Е. Иванова, Б.Ж. Санатова, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы

Дизайн және бағдарламаны қамтамасыз етуші – С.А. Гуринов, С.Торайғыров атындағы ОӘҒК автоматтандыру бөлімінің бағдарламашысы

Аудармашы - Қ.Б. Батталова – С.Торайғыров атындағы ОӘҒК кітап өңдеу бөлімінің кітапханашысы

Fitness journal

Яндекс.Метрика